Түркістан облысында көлік тізгінінде есін жоғалтқан қызды полицейлер құтқарып қалды

Түркістан облысының полицейлері көлік тізгінінде есінен танып қалған жас қызды құтқарды. Олар Алматы-Ташкент-Термез тас жолында теңселіп келе жатқан көлікті байқап, жүргізушісінің халі нашар екенін сезген. Полиция көлікті тоқтатып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлерді шақыртып, ауруханаға жеткізді. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық.

ОРМАН АЛҚАБЫ ӨРТЕНДІ

Қарағанды облысының Шахтинск қаласы маңындағы орман алқабында өрт шықты. Қызыл жалын 500 шаршы метрді шарпыды. Ағаштар мен жасыл желек  күлге айналды. Абырой болғанда сол уақытта демалушылар болмапты. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен  орманшылар бірігіп өртті сӨндірді. Оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр.

ҚЫЗЫЛОРДАДА КІСІ АЛДАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Қызылордада «қайтарымсыз несие әперемін» деп жұртты алдаған  алаяқ ұсталды. Полицияға жеті адамнан арыз түскен. Олардың айтуынша, белгісіз бір әйел сенімдеріне кіріп, несие әперуге уәде етіп, жарты млн-нан астам теңгені қолды қылған. Жеңіл жолды кәсіп етіп, жұртты алдап келген күдіктіге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

ЕЛЕК ӨЗЕНІНДЕ ЕКІ АДАМ СУҒА КЕТТІ

Ақтөбеде екі адам Елек өзеніне батып кетті. Оның бірі шомылуға болмайтын жерге түсіп қаза тапса, екінші оқиға жеке жағажайда болған. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша екеуі де жүзу білмеген. Ал жеке жағажайда болған оқыс оқиғаға байланысты тиісті шаралар қолға алынбақ. Себебі, шомылу орны талапқа сай жабдықталған және сол маңда  құтқарушылар да болыпты. Алайда жігіттің суға кеткенін жанында жүрген адамдар да байқамай қалған.

Нұрлыбек Айжарықов, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

– Жеке жағажайда үш құтқарушы болған сол жерде. Енді суда демалушылардың көптігінен және суға кетіп қалған адам қасында болған жолдастарымен суда жағаласып ойнап жатқанынан байқамай қалған. Биылдыққа 13-ші оқиға тіркеліп тұр. 13-тің үшеуі – балалар.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ АУЛАНҒАН БАЛЫҚ ТӘРКІЛЕНДІ

Түркістан облысында браконьерлерден 100-ден астам балық тәркіленді. Жергілікті полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар кезінде Бөген су қоймасында заңсыз балық аулаудың тағы бір дерегін  анықтады. Бәйдібек ауданының екі тұрғыны ұсталды. Айғақты зат ретінде торлар мен ауланған балық алынды.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА КӨЛІК ТЕҢІЗГЕ ҚҰЛАП КЕТТІ

Маңғыстау облысында көлік теңізге құлап кетті. Әлеуметтік желіде тараған бейнетүсірілімнен көліктің жартылай суда тұрғанын көруге болады. Дегенмен, жанында жүргізуші мен жолаушылар жоқ. Оқыс оқиғаға байланысты полицияға арыз түспеген. Дәрігерлердің көмегіне де ешкім жүгінбеген. Кейін белгілі болғандай, көлік иесі темір тұлпарын өз күшімен шығарып алған.