Павлодарда велосипедші баланы көлік қағып кетті

Жол апаты салдарынан 2009 жылы туған бала зардап шекті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

– 2 шілде күні сағат 11:30-да Ворушин – Гагарин көшелерінің қиылысында 35 жастағы жүргізуші басқарған ГАЗ 33021 автокөлігі мен велосипедші соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, тексеру жүргізілуде.