Батыс Қазақстан облысында сегіз жасар бала суға кетті

Батыс Қазақстан облысында сегіз жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 шілде күні Ақжайық ауданы Алғабас ауылы шетіндегі Көшім каналында болды. Сағат 20:00-де сегіз жасар бала шомылуға жабдықталмаған жерде батып кеткен. Оның денесін жергілікті тұрғындар сағат 20:40-та шығарып алды. Осымен өңірде жыл басынан 13 адам суға кетсе, соның бесеуі жасөспірім.

БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға суға түскен кезде қауіпсіздік ережесін ұмытпау керектігін еске салады.