АН-2 ұшағының апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Азаматтық авиация комитеті АН-2 ұшағының құлауына байланысты комиссия құрылғанын хабарлады.

«Әуе кемесінің операторы «Жеңіл және аса жеңіл авиацияны пайдаланушылар» («ЭЛИСА») қауымдастығы нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігі әуе кемесін пайдаланушы болып табылады. Аталған факті бойынша комиссия құрылды, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізеді» делінген комитет хабарламасында. Сонымен қатар көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты 344-баптың 1-бөлігі «қозғалыс қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталғанын айтты.

Еске салсақ, Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш егістігін өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлаған болатын.

Қызылорда маңында АН-2 ұшағы құлады