424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында орналасқан демалыс базасынан өрт шықты

  • 153
Алматы облысында орналасқан демалыс базасынан өрт шықты

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 шілде күндізгі 12:39 кезінде шұғыл хабар түскен.

Онда Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде орналасқан Park Resort «Сегіз көл» демалыс аймағында ғимараттың шатыры түтіндеп жатқаны айтылған.

«Оқиға орнына тез арада Алматы облысы ТЖД күш-құралдары жөнелтілді. Жеке құрамнан 13 адам мен 3 техника отты сөндіруге жұмылдырылды. Кейін анықталғандай, электр желілерінің қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шыққан. Аумағы 100 шаршы метрге жететін шатыр өртенген. Тілсіз жау өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін ауыздықталған» деп мәлім етті ведомстводағылар.

Өрттен зардап шеккен ешкім жоқ. 

Хабар 24 телеарнасы