Ұлытауда дала өртінен бір адам қаза тапты

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дала өрті өршіп, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар 200-ден астам қой қырылды. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек «Фейсбуктегі» парақшасында жариялады. Қазіргі уақытта облыс бойынша 17 табиғи өрт ошағы анықталды. Оқиға орнында тәулік бойы 70 бірлік техника, 350 құтқарушы және ерікті жұмыс істеп жатыр. Табиғи өрт ошақтарын сөндірумен «Қазавиа құтқару» мекемесінің тікұшағы да айналысуда. Қазіргі таңда 10 ошақ жойылды. Қалғандары бақылауға алынған.