424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы дала өрті салдарынан 300 бас мал қырылды

  • 173
  • UPD: 11:23, 05.07.2021
Қарағанды облысындағы дала өрті салдарынан 300 бас мал қырылды

Соңғы ақпарат бойынша тілсіз жау жалпы алғанда 1 мың гектардан астам жерді шарпыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 15 өрт ошағының 10-ы сөндірілді. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Ұлытау ауданынан өзге Қарқаралы, Осакаров, Бұқар Жырау, Шет, Нұра аудандары мен Қаражал қаласының аумағындағы өрт ошақтары мамандардың жіті бақылауында.

Нұрлан Бекбосынов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Қазір өрт болып жатқан жерге МИ-8 ұшағымен қосымша құрам жеткізілді. Олар да сол жердегі өрт сөндірушілерге көмектеседі. Қазір онда техника мен күштік құрам жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы