424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде мектеп оқушысы суға батып кетті

  • 131
  • UPD: 13:59, 05.07.2021
Ақтөбеде мектеп оқушысы суға батып кетті фото: inform.kz

Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Ор өзеніне мектеп оқушысы батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хромтау ауданы Бөгетсай ауылы маңындағы Ор өзеніне 13 жастағы бала суға батып кетті. Хабарлама ата-анасынан түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.

«Оқушы суға шомылып жүріп батып кеткен. Денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан. Бала су қоймасында ата-анасымен бірге болған. Су айдындағы балалар өмірінің қауіпсіздігі көп жағдайда ата-анаға байланысты. Табиғи және жасанды су айдындарында демалғанда балаға судағы қауіпсіздік ережесін мұқият түсіндіру керек», - деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының су қоймаларында 4 бала суға батып кетті.

Хабар 24 телеарнасы