Бурабайда күшті желден суға кете жаздаған 19 адам құтқарылды

Ақмола облысының Бурабай көлінде бір күнде 19 адам құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Бүгін, 5 шілде кешкі 20:00 кезінде Бурабай көліндегі патрульдеу кезінде құтқарушылар 19 адамды жағаға шығарды. Оның ішінде жетеуі бала. Туристер жел күшейген кезде көл үстінде қайықта және катамаранда отырған. Олар өз бетінше жағалауға жете алмаған.

«Ақмола облысы ТЖД қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ» деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі су үстінде қауіпсіздік талаптарын сақтау керектігін тағы да еске салады. «Су айдынында барынша сақ әрі мұқият болыңыздар» деп ескертеді ведомство.

Сондай-ақ...