Камчаткада «АН-26» жолаушылар ұшағы жоғалып кетті, бортта 28 адам болған

Камчаткадағы Петропавлдан Палана ауылына бағыт алған «Ан-26» жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, әуе көлігінде 6 экипаж мүшесі мен 22 жолаушы адам болған, олардың арасында 2 бала және Палана ауылының басшысы бар. Ұшақ белгіленген уақытта байланысқа шықпай қалған. Құтқару қызметі әуе кемесінің теңізде құлаған жері анықталғанын айтады. Ал әуе компаниясы ұшақтың құлағанын растамай отыр. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған бірнеше техника жұмылдырылды.

Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу ісі басталды.