Шымкентте 200 адам шақырылған той тоқтатылды

Шымкентте 200 адам шақырылған тойдың шырқы бұзылды. Полиция қызметкерлері бұл заң бұзушылықты рейд кезінде анықтаған.

Той иелері мен ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мегаполис қазір «қызыл аймақта». Өткен тәулікте 130-ға жуық адамнан қауіпті инфекция табылды. Сондықтан өңірде коронавируспен күрес шаралары күшейген. Бірақ карантиндік талаптарға шекеден қарағандар азаяр емес дейді мамандар.