424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында жасөспірім суға батып кетті

  • 86
  • UPD: 11:31, 07.07.2021
Қостанай облысында жасөспірім суға батып кетті

Қостанай облысында жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлады alau.kz.

Қайғылы оқиға Жангелдин ауданында Саға ауылында Қоңыраулы өзенінің бойында жабдықталмаған жерде шомылу кезінде болған.

30 маусымда 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті. 1 шілдеде сағат 06:00-де ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері іздеуге кірісті. Сағат 06:30-да жасөспірімнің мәйіті судан табылып, сыртқа шығарылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы