Павлодар облысында көлікпен адам қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде

Павлодар облысында адам қағып қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде.

Жол-көлік оқиғасы  Екібастұз – Лесхоз – Саяжай автожолының 7  шақырымында болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық  полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 маусым күні сағат 01:35-те белгісіз жүргізуші автокөлікпен 1987 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері осы жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізуші мен автокөлікті анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізуде», - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.