Ақтөбеде бесінші қабаттан құлаған бала көз жұмды

Ақтөбеде маусым айының соңында бесінші қабаттан құлаған бала көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.

30 маусымда Ақтөбе қаласындағы бір үйдің бесінші қабатынан екі жасар бала құлап кеткен, баланың анасы ас үйде болған.

Бала түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды. Алған ауыр жарақаттардан бала 5 шілдеде ауруханада қайтыс болды.