424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Көкшетау – Щучье» тас жолының тұсында дала өртенді

  • 107
  • UPD: 23:08, 07.07.2021
«Көкшетау – Щучье» тас жолының тұсында дала өртенді

Көкшетау қаласы маңындағы далада құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін Подхоз кенті аумағында «Көкшетау – Щучье» тас жолының 7 шақырымы тұсында дала өртенді.

«Қызыл жалын 20 гектар аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 96 адам және 10 өрт сөндіру техникасы, М.Ғабдуллин Азаматық қорғау академиясының 28 қызметкері және 1 техникасы, «Бұқпа» орман шарушылығы мекемесінің 25 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылуда. Өрттен зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ, елді-мекендерге де қауп төніп тұрған жоқ. Қазіргі кезде өртті сөндіру жұмыстары одан әрі жалғасуда», – дейді ведомстоводан.

Айта кетсек, Ақмола облысының Біржан сал ауданында найзағай түсіп, дала өрті өршіді, оны сөндірмекші болған ер адамның денесін күйік шалып көз жұмған еді. Осы ретте, Ақмола облыстық ТЖД мамандары өңірде күннің аптап ыстық болуына байланысты тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

 

 

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы