Павлодарда ер адам тоқ соғып көз жұмды.
Қайғылы жағдай облыс орталығындағы ЖШС аумағында болған, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыскер оқиға салдарынан қайтыс болған.
«7 шілде күні сағат 13:54-те 38 жастағы ЖШС экструдершісі трансформаторда жұмыс істеген кезде электр тогы разрядын алған. Оқиға салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Сараптама тағайындалды», - дейді департаментте.