Алматыда шағын автобус өртенді

Алматыда шағын автобус өртенді, деп хабарлады inalmaty.kz.

7 шілдеде Алматы облысының тәртіп сақшылары өтіп бара жатқан су тасушы көлікті тоқтатып, шағын автобустан шыққан өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

«Учаскелік полиция инспекторлары Абылайхан Мәдиканов пен Жандос Кісенбаев өтіп бара жатқан су тасымалдаушыны тоқтатып, өртті дереу сөндірді», - деп хабарлады полициядан.

Оқиғадан ешкім дене жарақатын алған жоқ.