Елордада синтетикалық есірткі өндіретін зертхана анықталды

27 жастағы биотехнолог өз білімін осындай мақсатта қолданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Элиталы тұрғын үй кешеніндегі зертханада мефедрон мен амфетамин жасалғаны белгілі болды. Тінту барысында есірткі жасаудың формуласы жазылған дәптер, электронды таразы, химиялық қоспалар, полиэтилен пакеттер, есірткі сатып отырған дербес компьютер және салмағы 10 грамм болатын сатуға дайын есірткі табылды. Полиция тұрғын үй кешенінің атын атамады.Күдікті есірткіні өзінің интернет-дүкені арқылы сатқан және адам көп жүретін орындарға тастап кетіп отырған. Қазір ер адам қамауға алынды.