Жалған ПТР-тест қолданған Павлодар тұрғыны сотталды

Жалған ПТР-тест қолданған Павлодар тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

56 жастағы азамат шекара арқылы Ресейге өту бекетіндегі мамандарға өтірік тест нәтижесін көрсеткен. Ол павлодарлық емдеу мекемесіне жатпау үшін жалған құжат көрсеткен. Тексеріс барысында оның тест тапсырмағаны да анықталды. Оңай жол іздеген тұрғын істі болды. Жалған құжат жасау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, кінәлі деп танылды.

Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары:

- Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Материалдар сотқа жолданып, тұрғынға 15 АЕК, яғни 44 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. ПТР-тест - ресми құжат. Оны қолдан жасағандар 160 АЕК-ке дейінгі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін. Сонымен қатар 160 сағаттық қоғамдық жұмыс пен 40 тәулікке қамауға алу шарасы қарастырылған.