Қарағанды облысында бейіт өртенді

Қарағанды облысында бейіттер отқа оранды. Бұл молалар Көкпекті ауылында орналасқан.

Қызыл жалын 900 шаршы метр аумақты шарпыған. Мәйіттердің қоршаулары мен құлпытастары айтарлықтай зақымданған. Өртті сөндіруге ондаған адам мен 2 техника жұмылдырылды. Әзірге тілсіз жаудың тұтануына не себеп болғаны белгісіз.

«Алдын ала болжам бойынша оқиға салғырттық салдарынан туындауы мүмкін», - дейді төтенше жағдай қызметкерлері.