424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 7 жасар оқушының зорлық көргенін жасырған болуы мүмкін мектеп басшылығы жазаланады

  • 203
  • UPD: 22:59, 08.07.2021
Ақтөбеде 7 жасар оқушының зорлық көргенін жасырған болуы мүмкін мектеп басшылығы жазаланады Иллюстративті фото / 24.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысында оқушымен болған жағдайды бақылауда ұстайды, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысы әкімдігінің білім басқармасы 7 жасар баланың ата-анасының өтініші туралы бұған дейін комитетке хабарламаған. Осыған байланысты комитет лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде өтініш жолдады.

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектеп қызметкерлеріне қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында мектеп оқушысының туыстары журналистерге 7 жасар балаға зорлық-зомбылық жасалғанын хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін істің егжей-тегжейі жария етілмейді.

Білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзу белгілері бар кәмелетке толмағандардың немесе оларға қатысты іс-әрекет жасау фактілері туралы хабарламауы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Егер ақпарат расталса, мектеп аумағында зорлық-зомбылыққа жол берген және оған тиісті назар аудармаған адамдарға қатысты шара қабылданады. Ақтөбе облысының білім басқармасына балаға және оның отбасына психологиялық көмек көрсету тапсырылды.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесін қарау және осындай жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы