425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Су салғырттықты кешірмейді

  • 179
  • UPD: 12:43, 09.07.2021

Солтүстік Қазақстанда соңғы тәулік ішінде екі адам суға батып көз жұмды.

Олардың бірі – бар болғаны 16 жаста. Ол Рухловка ауылы маңындағы Бабық бұрлық өзеніне байқамай құлап кетіп, судан өз бетімен шыға алмай қалған. Осыған ұқсас тағы бір қайғылы жағдай Шал ақын ауданындағы Есіл өзенінде болды. 50 жастағы азамат өзенге жарқабақтан құлап кеткен.

Жалпы құтқарушылардың мәліметінше жыл басынан бері 16 адам суда ажал құшыпты. Оның бесеуі шомылып жүріп батып кетсе, біреуі батып бара жатқан адамды құтқарам деп, ал 10 адам байқамай өзеннің терең жеріне құлап көз жұмған.

Қызылорда балық аулаймын деп ажал құшты

Қызылорда қаласында Сырдария өзеніне балық аулауға шыққан тұрғын сол беті үйіне қайта оралмады. 46 жастағы азаматтың із түзсіз кеткені жайлы хабар алған құтқарушылар бірден оны іздеуге кіріскен. Бұл шараға 4 сүңгуір жұмылдырылды. Алайда бір күнен соң мамандар судан оның денесін алып шықты

Солтүстік Қазақстанда 4 есірткі зертханасы жойылды

Солтүстік Қазақстанда жарты жылдың ішінде 4 нарколаборатория жойылды. Мұнда күдіктілер мефедрон жинақтаған. Тіпті екі зертхананы қылмыстық топ бастан аяқ өздері жасаған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, есірткіні дайындаушылар концентартты жасап, дайын өнімді өткізгенге дейінгі жұмыстың барлығын өздері атқарып отырған. Жыл басынан бері облыста есірткі өткізуге байланысты 29, сақтауға байланысты 65 жайт тіркелді. Заңсыз айналымнан 125 келіден астам есірткі заты алынса, соның 4 келіден көбі синтетикалық есірткі.

Карантин талабын бұзған клуб әшкерленді

Шымкентте карантин талаптарын бұзған түнгі клуб анықталды. Арнайы рейд жүргізіп жүрген полиция қызметкерлері көңіл көтеру мекемесінің түнгі сағат 02.00-ден кейін де жұмыс істеп тұрғанын байқаған. Клуб қызметкерлері тіпті келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға бетпердесіз қызмет көрсеткен. Шектеу шараларын ескермеген клуб жетекшісіне шара көрілді.

Тараз қарасора өсірем деп басы дауға қалды

Тараз тұрғыны үнді қарасорасын өсірем деп басы дауға қалды. 55 жастағы азаматтың ауласынан 104 түп есірткі табылған. Тұрғын барлық айыбын мойындады. Полиция өкілдерінің айтуынша, күдікті ол жердегі 21 келі марихуананы өз денсаулығымның қажеттілігі үшін ектім деп жауап берген. Енді ол 2 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі керек немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарына жіберілуі ықтимал. Немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы /бас бостандығы шектелуі мүмкін.

 

 

Хабар 24 телеарнасы