Өскеменде нөсер салдарынан бірнеше көшені су басты

Өскеменде кеше кешке қарай қатты нөсер салдарынан бірнеше көшені су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Михаэлис, Қазақстан, Өтепов сынды бірақтар жолдарда көлік қозғалысы қиындап кетті. Қаланың жаңадан бой көтерген ықшам аудандарында да сондай жағдай қайталанды. 50-ден астам жұмысшы мен суды сору жұмыстарына жұмылдырылды. Жағдай кешегіден жақсы, дегенмен, қалған суды кетіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңбыр әлі де тоқтаған жоқ, арагідік сіркірей жауып тұр.