Ақсуда пәтерден пышақ жарақаты бар әйел мен екі баланың мәйіті табылды

Ақсуда пәтерден пышақ жарақаты бар әйел мен екі баланың мәйіті табылды.

Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп, тексеру жүргізуде, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 шілде күні сағат 11:40-та Ақсу қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі пәтерде пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған балалары табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы шықты. Тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары куәгерлерді анықтау мақсатында аулаларды аралап, тұрғындардан сұрастыруда», - дейді департаментте.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.