Өткен аптада сегіз бала суға батып кетті

5-11 шілде аралығында еліміздің су айдындарында 47 адам, оның ішінде 8 бала суға батып қайтыс болды.

Суға батқандардың ең көп саны Алматы (8), Шығыс Қазақстан (8), Ақмола (5) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (5) тіркелді.

Ал балалардың суға батып, қайтыс болған қайғылы оқиғалар Алматы (3), Түркістан (2), Ақмола (1), Солтүстік Қазақстан облыстарында (1) және Нұр-Сұлтан қаласында (1) болды.

Балалар уақытын көңілді өткізіп, ыстық күнде салқындауға су айдынына барады, олар судың қауіпті екенін де түсіне бермейді.

Суда балалардың өліміне қалай жол бермеуге болады? Балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмаңыздар. Балаларға ешқашан суға ересек адамдардың қарауынсыз түсуге болмайды. Оларды жүзуге үйретіңіздер.

ТЖМ азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады:

- суға кіруге және алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;

- жүзудің шекарасын белгілейтін аумақтан тыс жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге тыйым салынады.

Әр адам қауіпті жерлерді және шомылатын су қоймасының ерекшеліктерін білуі керек, өйткені жабдықталмаған жерлерде тастар, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа заттар болуы мүмкін.

Ақпарат көзі: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі