Өскеменде мас күйінде көлік тізгіндеген мемлекеттік қызметкер жазаланды

Өскеменде мемлекеттік қызметші масаң күйде көлік айдап, көпшілік көзіне түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Карбышев көшесінде болды. Жылжымалы вакцина салу пунктіне келген азамат автобустың жабық тұрғанын көреді. Медицина мамандарының бетпердесіз жүргенін байқап, бейнежазбаға түсірген. Сосын оның жанына Өскемен қалалық әкімдігі аппаратының қызметкері Индира Қалжабаева келген. Мемлекеттік қызметшінің көлікті масаң күйде жүргізгені белгілі болды. Полиция 54 жастағы әйелге орта дәрежелі мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік хаттама толтырды. Кейін қала әкімдігінде қызметтік тексеру басталады.

Әлібек Тұрсымбетов, Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі:

- Тексеріс нәтижесінде қатаң жаза қолданылып, шешім қабылданады. Қазіргі кезде ол кісі толықтай комиссия шешімі бектілігенше әзірше уақытша жұмыстан босатылды.