Ақсуда әйел мен екі баланы пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Ақсу қаласындағы пәтерлердің бірінен әйел адам мен екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жедел тергеу тобы құрылып, оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы күдікті ұсталды. Оған кикілжің кезінде әйел мен 5 және 7 жасар балаларды өлтірді деген айып тағылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.