Семейде жол апатынан бір адам қаза тапты

Семейде жеңіл көлік «ГАЗ-53»-пен соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады Semey News.

Жол апаты 12 шілдеде сағат 18:00 шамасында Қаржаубайұлы мен Қабылбаев көшелерінің қиылысында болған. 48 жастағы Volkswagen Passat жүргізушісі жолаушысымен бірге келе жатып ГАЗ-53 автокөлігімен соқтығысқан.

Алынған дене жарақаттарының салдарынан 48 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.