Шымкентте базар маңында болған жол апатынан үш адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Адамдардың өмірін жалмаған апат Алматы тас жолының бойында, Бекжан базарына қарама-қарсы жерде болған. Opel автокөлігі мен екі КамАЗ жүк көлігі соқтығысты.

Қайғылы оқиға болған жерден келген тілшінің хабарлауынша, шақыртуға келген жедел жәрдем дәрігерлері Opel көлігінде үш адамның қаза болғанын хабарлаған. Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, апатқа Opel автокөлігінің жүргізушісі кінәлі – ол қарсы жолаққа шығып кеткен.