424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда тротуарда келе жатқан екі әйелді қаққан көлік оқиғасы тексеріліп жатыр

  • 98
  • UPD: 15:37, 14.07.2021
Алматыда тротуарда келе жатқан екі әйелді қаққан көлік оқиғасы тексеріліп жатыр

Алматыда Hyundai жүргізушісі тротуарда екі әйелді қағып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Желі қолданушының айтуынша, оқиға 1 маусым күні кешкі сағат 18:15-те «Алтын орда» тұрғын үйінің маңында Ходжанов көшесінің бойында оның әйелі мен әріптесін көлік қағып кеткен.

«Олар жолдың шетіндегі тротуарда келе жатқан. Оларды ақ түсті Hyundai көлігі келіп соққан. Біреуі бірнеше метр жерге ұшып кетті, екіншісі дуал мен көліктің ортасында қысылып қалған», - деді жазба авторы.

Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық ПБ тексеріп жатқанын мәлім етті.

«Бұған дейін зардап шеккендердің денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін барлық қажет сараптамалық зерттеу тағайындалған болатын. Зерттеу нәтижелері әлі шыққан жоқ» , - деді Рустам Әбдірахманов.

Полиция басшысының орынбасарының айтуынша, бұл дерек бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы