Ақтауда екі көлік соқтығысып, адамдар жарақат алды

Ақтауда екі көлік соқтығысып, адамдар жарақат алды.

Жол апаты 13 шілде күні сағат 22:30 шамасында 5, 6, 7 және 8 шағын аудандардың қиылысында болған, деп хабарлады inaktau.kz.

«Toyota Carolla» жүргізушісі қарсы бағыттан келе жатқан «BMW 5201» автокөлігіне жол бермей, жол апатын жасады», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жарақат алғандар оқиға орнынан жедел жәрдем көлігімен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оларға үйлеріне жіберілді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.