Шымкентте жезөкшелікпен айналысқандар ұсталды

Шымкенттегі қонақүйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысқандар ұсталды.

Бүгін қала тұрғыны полицияға шағым түсірді. Тәртіп сақшалары тексере келіп, үш әйелдің жергілікті қонақүйде жеңгетайлықпен айналысып, жезөкшелік қызмет ұсынғанын анықтады. Ақша үшін жеңіл жүріске салынған азаматшалардың жеке мәліметтері бірыңғай деректер қорына енгізілді. Қазір осы іске қатысты Қылмыстық Кодекстің 309-бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.