Астрахан тасжолында болған жол апатында әйел адам жанып кетті

14 шілде күні Атырау – Астрахан тасжолында 1996 жылғы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Ipsum көлігі мен 1957 жылғы жүргізуші басқарған Toyota Highlander көлігі соқтығысқан.

Салдарынан жолаушы көз жұмды, ол жанып жатқан көліктен шығып үлгермей, тірідей жанып кетті, деп хабарлады azh.kz.

Тағы 5 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.