Риддерде өрттен үш адам қаза тапты

Риддерде өрттен үш адам қаза тапты

ШҚО-дағы Риддер қаласында өрттен үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, өткен түні жер үйлердің бірі өртенген. Жалын шарпыған жалпы аумақ – 145 шаршы метр.

«Үйден бір әйелдің және екі ер адамның денесі табылды. Олардың туған жылдары – 1934, 1959, 1994», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.