425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жүк көлік өртеніп, адам қаза тапты

  • 85
  • UPD: 13:04, 16.07.2021

Түркістан облысында жүк көлігі өртеніп, бір жолаушы көз жұмды. Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолы бойында ауыр техника көпірдің қоршауына соғылған. Полиция департаментінің мәліметінше, марқұм Қырғызстан азаматы екен. Көлікті басқарған адам да отандасы болып шықты. Жүргізуші Сайрам аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Бүркітбай Сарыбаев , ТО ПД Анықтау басқармасының анықтаушысы:

- Қазіргі таңда аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысында полицейлер мотоциклдердің қозғалысына рейд жүргізді. Нәтижесінде алғашқы күні 57 заң бұзушылық тіркелген. Олардың ішінде техникалық тексерістен өтпеу, заңсыз қайта жабдықтау, мас күйде рульге отыру, қауіпті маневр жасау деректері бар. Кінәлі тұлғаларға әкімшілік хаттамалар толтырылып, 13 мотоцикл айып тұрағына қойылды.

Батыс Қазақстан облысында киік мүйізінің ірі партиясы табылды. Полицейлер жедел әрекет ету нәтижесінде заңсыз сауданың жолын кесті.  «МАЗ» маркалы көлікті тексеру барысында тіркемеде жасырын қуыс анықталды. Оның астынан 1178 дана киік мүйізі шықты.  Браконьерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ақтөбеде көлік қозғалысына кедергі келтірген кортеждің видеосы әлеуметтік желіге тарады. Көліктер жолдың қарсы бетіне шығып, басқаларға қауіп төндірген. Тексеріс нәтижесінде бейнематериалдың Жұбанов көшесінде түсірілгені белгілі болды. Полицейлер кінәлі тұлғалардың жеке мәліметтерін анықтап, оларды әкімшілік жауапқа тартты.

Хабар 24 телеарнасы