424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жалған вакцина паспортын сатқан 13 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • 112
  • UPD: 12:46, 16.07.2021
Жалған вакцина паспортын сатқан 13 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Вакциналау құжатын сататындар айылын жияр емес. Қазір 13 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бұдан бөлек ПТР тест нәтижесін өзгертудің 35 дерегі, жалған ПТР тестіні қолданудың 16 жағдайы әшкереленген. Ішкі істер министрлігі ақшаға құнығып, қоғамға қауіп төндіретіндерге тағайындалған жаза да қатаң екенін ескертеді. 

Атап айтсақ, вакциналау құжатын қолдан жасайтындарға 5 млн 800 мың теңге айыппұл салынады. Немесе 600 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Тіпті болмаса 2 жылға бас бостандығы шектелуі мүмкін. Ал егер қылмыс бір жыл ішінде қайталанса және ұйымдасқан топ құрылса, 11 млн 600 мың теңге көлемінде айыппұл арқалап, 4 жылға бас бостандығы шектеледі. Сондай-ақ жалған құжатқа тапсырыс бергендер де жазадан құтылмайды. Оларға заң бойынша 467 мың теңге көлемінде айыппұл салыну қарастырылған. Сонымен қатар 160 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегіліп, 40 тәулікке түрмеге қамалуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы