Павлодарда шеберханада шина жарылып, ер адам көз жұмды

Қайғылы оқиға Жібек жолы көшесіндегі шиномонтаж шеберханаларының бірінде болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

­­­– 16 шілде күні сағат 13:00-де жүк автокөлігінің дөңгелегін ауыстыру кезінде шина жарылған. 38 жастағы қызметкер алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды, – дейді облыстық Полиция департаментінде.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігіне сәйкес, «абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.