424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 57 адам көз жұмды

  • 166
  • UPD: 10:37, 17.07.2021
Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 57 адам көз жұмды фото: coronavirus2020.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 13 шілде күні Қазақстан аумағында 45 адам коронавирустан, тағы 12 адам пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр – 16 науқас. Қарағанды облысында – 10, Атырау және Маңғыстау облыстарында – 5 адамнан, Шымкент қаласында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Алматы қаласы, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында – бір адамнан қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы