Арыста жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары ұсталды

Түркістан облысы Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, лауазымды тұлға бір топ адаммен бірге 2018-2021 жылдар аралығында бюджет қаражатын қалтасына басып отырған. Мемлекеттен мұқтаж отбасыларды қолдауға бағытталған ақшаны өзінің жақын туыстары мен таныстарының есепшотына аударып келген. Салдарынан мемлекетке шамамен 160 млн теңгеден астам шығын келді. Тергеу жалғасып жатыр.