Ақтауда теңіз жағалауынан өлі итбалық табылды

Мұны жергілікті тұрғын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автор итбалықтың денесі қарайып, жараланғанын айтады. Куәгерлер табиғатты қорғау инспекторларын шақырған. Бірақ мамандар сынама ала алмаған. Итбалықты жергілікті балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері зерттеп, қорытынды жасады.

Адизал Шихметов, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Екі күн бұрын қатты толқын жағалауға шығарып тастаған. Итбалық шіріп кеткен. Денесінде тордың немесе басқа іздер байқалмайды. Тіндердің бұзылуына байланысты тексеру мүмкін болмай отыр.