Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды

Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы Екібастұз – Солнечный кенті автожолының 22 шақырымында болған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

«19 шілде күні сағат 00:30-да Екібастұздың 32 жастағы тұрғыны «Ауди-80» автокөлігімен кюветке аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды. 33 жастағы жолаушы жарақатымен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді. Тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалды», - деді облыстық полиция департаментінде. 

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1988 жылы туған ер адамда биологиялық өлім тіркелген. 1987 жылы туған әйелге қаңқа-бас сүйек жарақаты, бастың бір бөлігінің скальпирленген жарақаты, сол қолдың сыртқы бетінің көгерген жарасы диагнозы қойылған. Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды.