424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында балық қайтадан қырылып жатыр

  • 104
  • UPD: 13:43, 19.07.2021
Атырау облысында балық қайтадан қырылып жатыр

Атырау облысында тағы балық қырылып жатыр. Исатай ауданының аумағынан өтетін «Қазсушар» кәсіпорынының балансындағы Нарын каналында 200 келіге жуық уақ балық өлген.

Мамандардың айтуынша, су деңгейінің төмендеп, оттегінің жетіспеуіне байланысты осындай оқиға болып отыр. Оған қоса Нарын каналының көп жылдан бері жөндеу көрмеуі де себеп. Өйткені арна ескіріп, су өткізуі нашарлаған. Сондай-ақ бұл жағдайға Атырау-Астрахан тас жолын салып жатқан мекемелердің де әсері бар көрінеді.

Артур Сәдібекұлы, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Бұл каналдан, кесіліп қалған каналдан жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелер су алып отыр екен. Менің мәліметімше, олардың ауызша пайымдауынша, сол каналдан су алуға келісімі бар деп ескертті. Енді ары қарай қандай шара қолданып, қалай шешеміз соны қарастырудамыз. Маусым басында Қызылқоға ауданы Ойыл өзенінде болды балық өлімі, сосын Махамбет ауданында. Бәрінің әкеліп соқтырғаны - судың деңгейінің төмен түсуі.

Хабар 24 телеарнасы