424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда көпірден секірмек болған келіншек құтқарылды

  • 360
  • UPD: 14:17, 19.07.2021
Түркістанда көпірден секірмек болған келіншек құтқарылды

Қалалық Полиция басқармасына «102» телефоны арқылы жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің 22 жастағы сіңлісі Қызылорда тас жолы бойындағы көпірден секірейін деп жатқанын жеткізген.

Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына аттанады. Сол күні қызметте болған полиция лейтенанты жедел уәкіл Ерсұлтан Нұралыұлы күдік тудырмау үшін көпірге жасырын мініп, өз-өзіне қол салып, көпірден секірейін деп тұрған келіншектің артынан келіп, мықтап ұстап алады. Қарсыласып қайта секірмекші болған қызды арпалыспен жүріп, қауіпсіз жерге шығарады. Осылайша Түркістан ҚПБ полицейінің шұғыл іс-әрекеттері мен қырағылығы арқасында, көпірден құламақ болған 22 жастағы азаматша аман қалды. Тексеру барысында өз өмірін қимақ болған жас келіншек жақында ғана тұрмысқа шыққан болып шықты. Белгілі болғандай, отбасылық кикілжіңнен соң суицид жасамақшы болған. Алайда жедел уәкіл Ерсұлтанның жеделдігі мен кәсіби шеберлігі нәтижесінде барлығы жақсы аяқталып, ол әпкесіне аман-есен табысталды. Онымен моральдық –психологиялық әңгімелесу ұйымдастырылып, көмек берілді.

Өз кезегінде қыздың әпкесі полицейлерге шынайы ризашылығын білдірді. «Түнгі сағат 23:00 шамасында сіңлім телефоныма хабарласып, өмірден түңілгенін айтты. Қайдасың олай жасама деп, оның тұрған жерін біліп алдым. Содан 102-ге хабарласып, полицейлерден көмек сұрадым. Өзімде жүгіріп оқиға орнына жеттім. Сөйтсем осы бірнеше минут аралығында полицейлер жедел келіп, сіңлімді құтқарып алыпты. Үлкен рақмет айтамын полицейлерге, оның ішінде Ерсұлтан Қуанышқа. Жұмыстары алға бассын!» деп атап өтті.

Ал полиция лейтенанты Ерсұлтан Нұралыұлы болса: «Бұл біздің - міндетіміз. Әрбір Қазақстан Республикасы азаматының амандығын қамтамасыз ету үшін қызмет етуге қашанда дайынбыз!», - дейді өз сөзінде.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы