ШҚО-да жол апатынан жүргізушілердің әйел, бала-шағасы қаза болды

Шығыс Қазақстан облысындағы Мақаншы – Жалаңашкөл тасжолында жол апаты болып, жүргізушілердің әйелдері мен балалары қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

18 шілдеде сағат 15:10-да Үржар ауданында қайғылы оқиға болды. Мақаншы – Жалаңашкөл тасжолында үш автокөлік соқтығысты – Geely, Kia Sportage және Lada 21154-30.

«Geely жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жастағы ұлы, сондай-ақ «Лада» жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Екі жүргізуші және Geely жолаушысы әртүрлі жарақатпен Мақаншы ауылының аудандық ауруханасына жатқызылды», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіндегілер.

Ведомство өкілі қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу») бойынша соталды тергеу басталғанын айтты.

Апаттың мән-жайы әзірге хабарланбады, зардап шеккендердің кейбірі Алакөлден демалыстан қайтып бара жатқан болуы мүмкін.

Сондай-ақ...