Ақтөбеде өртеніп өлмек болған адамды құтқарушылар аман алып қалды

Ақтөбеде өртеніп өлмек болған ер адамды құтқарушылар аман алып қалды. Ол өзі отырған көліктің ішіне бензин шашып, от тұтатпақ болған.

38 жастағы азаматтың бұл әрекетін байқап қалған куәгерлер дереу құтқарушыларға хабар береді. Оқиға орнына 8 өрт сөндіруші келген. Ал ер адам болса көлік есігін ішінен бекітіп алып, сыртқа шығудан бас тартқан. Қазір бұл іске қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Оның бұл қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. 

Арман Қадыров, облыстық ТЖД қызметінің бастығы:

- Барған кезде шыққысы келмей сол кісі, нәтижесінде қызметкерлер терезесін сындырып ішіне ауа-көбік сөндіруші беріп сол кісіні шығаруға шешім қабылдады. Ол кісі полицияға берілді. Әрі қарай енді олардың құзырында. Көлікті тұраққа алып кетті полиция қызметкерлері.