424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында суға кеткен балықшының мәйіті табылмай жатыр

  • 99
  • UPD: 15:21, 19.07.2021
Маңғыстау облысында суға кеткен балықшының мәйіті табылмай жатыр

Маңғыстау облысында суға кеткен балықшының денесі іздестіріліп жатыр. Қайғылы оқиға 18 шілде күні болған.

1994 жылы туған жігіт ағасымен бірге қаладан 40 шақырым қашықтықта орналасқан «Шора» каналында балық аулаған. Кенеттен қармағын суға түсіріп алып, артынан секірген. Бірақ кері шыға алмай қалады. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын 18 шілде күні кешкі сағат 21:20 шамасында бастаған.

Айта кетейік, тыйым салынған аумақта демалатындар саны азаймай тұр. Жыл басынан бері 8 адам суға кеткен.

Мұрат Мұханов, Маңғыстау облыстық ТЖД басшысы:

- Іздестіру жұмыстарына 7 құтқарушы, 2 қайық, 1 бірлік техника жұмылдырылды. Денесі табылмады. Шомылу маусымы басталғалы облысымызда 9 адам суға кетті. Оның ішінде біреуі кішкене бала. Төтенше жағдай департаменті 14 адамды құтқарды.

Хабар 24 телеарнасы