Ақтауда түрме жатақханасы опырылып түсіп, 2 адам қайтыс болды

Ақтаудағы ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірі құлады, деп хабарлайды «Хабар 24» 

Екі қабатты ғимарат ішінара құлағанда, нысанда 10 адам болған. Тоғызы қауіпсіз жерге шығарылды. Екеуі алған жарақаттан көз жұмды. Тағы бір сотталушыны іздеп жатыр.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде бас бостандығынан айырылғандардың туыстары үшін тәулік бойы жедел желі жұмыс істейді.

Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия тексереді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.