Қызылорда облысында суға құлаған «Камри» автокөлігі табылды

Қызылорда облысында суға құлаған «Камри» автокөлігі және онда болған екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автокөлік суға құлаған жерінен 60 метр қашықтықта 9 метр тереңдіктен табылды. Алдын ала болжам бойынша, онда екі жолаушы болған. 

Қорқыт ата әуежайына баратын тасжол бойындағы «Шіркейлі» каналының тұсында «Toyota Camry» және «Daewoo Nexia» жеңіл автокөліктері соқтығысып, салдарынан «Toyota Camry» автокөлігінің суға құлағанын айтқан болатынбыз.