424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Белгілі кардиохирург Серік Бекбосынов қайтыс болды

  • 299
  • UPD: 15:02, 20.07.2021
Белгілі кардиохирург Серік Бекбосынов қайтыс болды Tengrinews.kz

2021 жылдың 20 шілдесінде белгілі кардиохирург Серік Темірханұлы Бекбосынов 41 жасында қайтыс болды. Бұл туралы кардиохирургия орталығы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Орталық мәліметі бойынша, Серік Темірханұлы - №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі және жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі. Ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде Қазақстан кардиологтары қауымдастығымен марапатталған.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісімен, Ұлттық награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

«Әріптестері мен пациенттері оны мейірімділігі мен кәсібилігі үшін жақсы көрді және құрметтеді. Жүрек орталығының ұжымы Серік Темірханұлының туған-туыстарына, жақындары мен достарына шын жүректен көңіл айтады. Ол туралы жарқын естеліктер жүрегімізде мәңгі қалады», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы