Павлодар облысында газ баллонның жарылуынан ер адам зардап шекті

Оқиға орнына 4 адам және 1  техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

- 20 шілдеде сағат 15.14-те 101 пультіне Кемеңгер ауылы мекенжайы бойынша хабарлама келіп түсті. Хабарлама бойынша Комсомольская көшесіндегі жеке үйлердің бірінде газ баллоны тарс еткен, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

1956 жылы туған ер адам сыйымдылығы 27 литр газ тұрмыстық баллонын ашық отпен тексеру кезінде газ-ауа қоспасы жанған. Салдарынан ер адам күйік алып, бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды.